АРЫСТА КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АРЫСТА КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Арыс қаласында орналасқан №17 колледж ұжымымен 15 наурызға белгіленген референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті. Басқосуға оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері қатысып, алдағы жалпыхалықтық референдумның мәні мен маңызы талқыланды.

Жиын барысында Арыс қалалық коалиция төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Б.Ділдәбеков сөз сөйлеп, референдум – ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге халықтың тікелей қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық тетік екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында әр азаматтың таңдауы маңызды екенін, қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысу азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін жеткізді. Сондай-ақ референдумның мазмұны мен өткізу тәртібі жөнінде қысқаша түсіндірме берді.

Келесі болып мінберге шыққан коалиция мүшесі, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жүніс елдік мәселелерде бірлік пен ынтымақтың рөліне тоқталды. Ол референдум – халық пікірін айқындайтын маңызды құрал екенін айтып, әрбір азамат саналы түрде шешім қабылдауы керектігін атап өтті. Сонымен қатар жастар мен еңбек ұжымдарының қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы тұрақты дамудың негізі екенін тілге тиек етті.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жиын соңында ұжым өкілдері азаматтық белсенділік танытып, референдумда өз таңдауларын жасауға ниет білдіретіндерін жеткізді.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1164035?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version