ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан қаласында өткен жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 86 пайызды құраса, ауыр қылмыстар бойынша ашылу көрсеткіші 85,6 пайызға жеткен. Ұрлық қылмыстарының тіркелуі 15 пайызға төмендеп, 113-тен 96-ға қысқарған. Сондай-ақ, пәтер ұрлығы 53,8 пайызға азайып отыр.. Бұл жайында Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев шаһар тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 6,1 пайызға азайған. Ал, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар 22,5 пайызға төмендегенін жеткізді. Кездесуде қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған интернет-алаяқтық қылмыстары да қозғалды. 2025 жылы Түркістан қаласында 204 тұрғын интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен. Осыған байланысты полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық шараларды күшейтіп, тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы алдын алу сипатындағы бейнематериалдар тұрақты түрде таратылып келеді.
Жиын қорытындысында Полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыс деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметінің тұрғындарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екендігін айтып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға және күмәнді жағдайлар бойынша құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беруге шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В ТУРКЕСТАНЕ ЗНАЧИТЕЛЬНО СНИЗИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ПРАВОНАРУШЕНИЙ
В Туркестане в прошлом году уровень раскрытия тяжких и особо тяжких преступлений составил 86%, по тяжким преступлениям – 85,6%. Количество краж снизилось на 15 процентов и сократилось со 113 до 96. Также квартирные кражи снизились на 53,8%. Об этом сообщил начальник Управления полиции города Туркестан Жасулан Нысанбаев на отчетной встрече перед населением города.
Кроме того, преступления, совершенные в общественных местах, по сравнению с прошлым годом снизились на 14,9%, преступления на улицах – на 6,1%. А правонарушения в сфере семейно-бытовых отношений снизились на 22,5 процента. На встрече также были затронуты преступления интернет-мошенничества, которые в настоящее время являются одним из актуальных вопросов. В 2025 году в городе Туркестан от действий интернет-мошенников пострадали 204 жителя. В этой связи сотрудниками полиции усилены комплексные профилактические меры по профилактике интернет-мошенничества и проводится широкомасштабная разъяснительная работа среди населения. Через средства массовой информации и социальные сети регулярно распространяются видеоматериалы профилактического характера.
По итогам совещания начальник Управления полиции Жасулан Каржаубаевич отметил, что в городе будет продолжена системная работа по обеспечению общественного порядка, профилактике правонарушений и снижению уровня преступности. Также он отметил готовность полицейской службы всегда оказывать помощь населению, призвал граждан соблюдать требования закона и своевременно информировать правоохранительные органы по сомнительным обстоятельствам.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1163638?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ