Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты
Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту және жаңғырту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, 2035 жылға дейін 26 ГВт қуатты енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 8 ГВт-тан астамы – жаңартылатын энергетикаға, 10 ГВт-тан астамы – жаңа станциялар салуға, соның ішінде атом станциясына тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыс Атом энергиясы агенттігімен бірге жүргізілуде. 5 ГВт-тан астамы қолданыстағы станцияларды жаңғырту мен кеңейтуге қарастырылған. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қызылорда БГҚ-сын (бу-газ қондырғысы) іске қосу күтілуде. Қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүріп жатыр, алғашқы 20–30 МВт берілуде, екінші тоқсанда станция толық жұмыс істейді.
«Сондай-ақ Түркістандағы және Алматы станцияларындағы БГҚ жобалары бақылауда. Мемлекет басшысы оларды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп осы жобаларға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаға жеке тоқталғым келеді. Біз қазірдің өзінде іске асыру кезеңіне белсенді түрде кірдік. Нарықтың барлық қатысушысымен дөңгелек үстел өткізілді, онда негізгі бағыттар талқыланды. Бастапқыда жоба көмір генерациясын дамыту ретінде қарастырылды, алайда Тау-кен өндіру және көмір секторы қауымдастығының белсенді қатысуын ескере отырып, міндеттер кеңейтілді. Негізгі бағыттар: жоғары тиімді көмір генерациясын дамыту, қолданыстағы көздерді жаңғырту, көмір базасын кеңейту, экологиялық факторды міндетті түрде ескеру, сондай-ақ қаржыландыру мәселелері. Әлемдік үрдісте көмір жобаларын қаржыландыруды шектеу жағдайында бұл мәселелер ерекше назарды талап етеді», – деп атап өтті вице-министр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1163053?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version