ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮРІШ ЕГІСТІГІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛІП, СУ ҮНЕМДЕЛУДЕ
Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары жүйелі түрде енгізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеров қадағалауында.
2025 жылы «Таймас-2024» ЖШС Отырар ауданындағы Қарғалы ауыл округінде 400 гектар алқапқа күрішті тамшылатып суғару әдісімен егіп, әр гектарынан орта есеппен 50 центнер өнім алды. 2026 жылы бұл тәжірибені кеңейтіп, тағы 200 гектарға енгізу жоспарланып отыр.
Ерекше атап өтерлігі – күріш елімізде пилоттық негізде алғаш рет дәл осы тамшылатып суару тәсілімен егілді. Дәстүрлі әдісте бір гектар күрішке 26 мың текше метрге дейін су жұмсалса, жаңа технология арқылы бұл көрсеткіш шамамен 15 мың текше метрге дейін төмендеді. Яғни, су шығыны екі есеге жуық азайды. Бұл – су ресурстарын тиімді пайдалану жолындағы нақты нәтиже.
Ылғал сүйгіш дақылдардың тиімділігін арттыру мақсатында мақта егісінде де жаңа тәсілдер белсенді қолданылуда. 2024 жылы мақта 105,2 мың гектарға дәстүрлі әдіспен, 1,2 мың гектарға жаңа технологиямен егілсе, 2025 жылы керісінше, жаңа технология көлемі 52,2 мың гектарға дейін ұлғайды. Нәтижесінде гектарына 60 центнерге дейін өнім алынып, 89,3 млн м³ су үнемделді. 2026 жылы мақта дақылын жаңа технологиямен 87 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған.
Жалпы, енгізіліп жатқан заманауи әдістер күріш пен мақта өнімділігін арттырып қана қоймай, су тапшылығы жағдайында әрбір текше метр суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВНЕДРЯЮТ НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ВЫРАЩИВАНИЯ РИСА ДЛЯ ЭКОНОМИИ ВОДЫ
В Туркестанской области под контролем акима области Нуралхана Кушерова продолжается системное внедрение водосберегающих технологий.
В Отырарском районе ТОО «Таймас-2024» впервые в Казахстане в пилотном режиме применило метод капельного орошения для выращивания риса на 400 гектарах. В результате средняя урожайность составила 50 ц/га. Если традиционный метод требует до 26 тыс. кубометров воды на гектар, то новая технология снизила расход до 15 тыс. кубометров (почти в два раза). В 2026 году площадь посева по новой технологии увеличат еще на 200 га.
Новые подходы активно внедряются и при выращивании хлопка. В 2025 году площадь посева хлопка с применением новых технологий выросла до 52,2 тыс. га (для сравнения: в 2024 году было всего 1,2 тыс. га). Урожайность достигла 60 ц/га, а экономия воды составила 89,3 млн кубометров. В этом году площадь хлопка, выращенного с помощью технологий, доведут до 87 тыс. га.
Внедрение современных методов не только повышает урожайность риса и хлопка, но и обеспечивает рациональное использование каждого кубометра воды, что критически важно в условиях нарастающего дефицита водных ресурсов.
Добавить комментарий