Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ АҚШ-ТА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЕЛІМІЗДІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАМАҚ
“ALEM TECH FEST – 2026” фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000-нан астам оқушы бас қосты. Олардың қатарында Түркістан облысының оқушылары бар. Осы жарыста FLL Challenge санаты бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының “TOLEBI DARYN” командамыз жүлделі “Champions Award Winner” Бас жүлдені жеңіп алды. Дарынды оқушыларымыз АҚШтың Хюстон қаласында 2026 жылы 29 сәуір- 2 мамыр аралығында 192 мемлекет арасында өтетін “FIRST Championship” халықаралық чемпионатында Қазақстан республикасының намысын қорғамақ.
Сондай-ақ, “FIRST Tech Challenge” санаты бойынша қазығұрттық “Union Tur” командасы үлкен жетістікке жетіп, 4 жылдық оқу гранттарын жеңіп алды. Аға жетекшілер: Оразхан Бексұлтан – Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия информатика және робототехника мұғалімі және Устенов Нұрсұлтан – Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп-лицей информатика және робототехника мұғалімі;
Сонымен қатар, “FIRST LEGO League Challenge” бағыты бойынша “Qazygurt” командасы жоғары нәтиже көрсетті. Олар “MOTIVATE AWARD”, “BEST PID AWARD” кубогы табысталып, ең үздік командалық топ атанды. Нәтижесінде, Қазығұрттық оқушылары “China FIRST LEGO League Off-Season – 2026” турниріне жолдама алды (Бейжің, Қытай).
“ALEM TECH FEST – 2026”фестивалі – Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. 15 000 шаршы метр аумақта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген шамамен 5000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынды.
Фестиваль аясында FIRST бағдарламасы бойынша өтетін “Central Asia FIRST Championship” халықаралық чемпионатына қатысушылар инженерлік жобаларын қорғады. Одан бөлек, Alem Drone League дрон жарыстары, гуманоид роботтар, RoboCup, Battle of Bots және Hour of AI сияқты бағыттары да болды.
——————-
ШКОЛЬНИКИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАЩИТЯТ ЧЕСТЬ СТРАНЫ НА МЕЖДУНАРОДНОМ ЧЕМПИОНАТЕ В США
В крупнейшем фестивале робототехники и ИИ ALEM TECH FEST приняли участие более 5000 участников из семи стран. Среди них и школьники Туркестанской области. Защищавшая честь нашего региона команда TOLEBI DARYN из Толебийского района завоевала Гран-при – «Champions Award Winner» – в номинации FLL Challenge. Теперь ребята представят Казахстан на чемпионате мира FIRST Championship 2026, который пройдет с 29 апреля по 2 мая в Хьюстоне с участием 192 стран.
Кроме этого, команда Union Tur стала лучшей в категории FIRST Tech Challenge, выиграв четырехлетние гранты. Наставники команды – Бексултан Оразхан, учитель информатики и робототехники школы-гимназии имени Каулаубека Турсынкулова, и Нурсултан Устенов, учитель информатики и робототехники школы-лицея имени Каныша Сатпаева.
Также команда Union Tur из Казыгуртского района показала высокий класс в категории FIRST LEGO League Challenge. Ребята стали обладателями кубков MOTIVATE AWARD и BEST PID AWARD и были признаны лучшей командой. В итоге казыгуртские школьники выиграли путевку на турнир China FIRST LEGO League Off-Season-2026, который пройдет в Пекине.
Отметим, ALEM TECH FEST – это самое крупное событие в Казахстане и Центральной Азии на тему робототехники, ИИ, STEM и инженерного творчества. В этом году в нем приняли участие талантливые дети из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Туркменистана, Эстонии, Гонконга и Вьетнама.
В рамках фестиваля участники защищали свои инженерные проекты на международном чемпионате Central Asia FIRST Championship. Помимо этого, состоялись состязания дронов Alem Drone League и гуманоидных роботов, RoboCup, Battle of Bots и Hour of AI.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1163009?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version