Жаңа Конституция Қазақстанның ірі зауыттарынан қолдау тапты Цехтарда пештер гуілдеп, станоктар тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бірақ соңғы күндері еліміздің ірі өнеркәсіп орындарында өндірістік жоспарлар мен экспорттық келісімшарттар ғана емес, елдің болашағы да қызу талқылануда. Жаңа Конституция жобасы мен алдағы жалпыхалықтық референдум – Қазақстанның алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын тарихи кезең ретінде бағалануда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өндіріс саласының өкілдері – металлургтер, машина жасаушылар, инженерлер мен энергетиктер – конституциялық өзгерістерді алғашқылардың бірі болып ашық қолдады. Бұл жай ғана ресми мәлімдеме емес, ел дамуына бейжай қарамайтын еңбек адамдарының саналы таңдауы.
Металлургтердің ұстанымы: «Бұл – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам»
«Қазхром» компаниясының құрамына кіретін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымы алдағы референдумның маңызын атап өтіп, азаматтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің пікірінше, «референдум мемлекеттің әрі қарайғы даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болады».
Металлургтер тұрақты құқықтық жүйе инвестициялық климатқа, өндірісті жаңғыртуға және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға тікелей әсер ететінін айтады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындары, әлеуметтік кепілдіктер және өңірлердің дамуына негіз болады.
Толығырақ https://dknews.kz/kz/kazak-tilindegi-makalalar/385661-zhana-konstituciya-kazakstannyn-iri-zauyttarynan

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1163456?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version