
«Заң және тәртіп» құқықтық жалпы оқытуы аясында қалалық мәдениет бөлімінің ұжымдарымен және «Достар» мәдениет сарайының қызметкерлерімен техник-өрт сөндіруші Ғани Бисекеев ғимаратта өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері бойынша сабақ өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, түтіндену кезінде өзін ұстау ережелері мен қызметтік бөлмеден жедел эвакуациялану алгоритмі таныстырылды. Бастапқы кезеңдегі өрт ошағын сөндіру үшін өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Баяндамашының сөзі бейнематериалдар көрсетілімімен сүйемелденіп, жұмыс орнында және тұрмыста өртті оқшаулау бойынша практикалық нұсқаулық берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1163108?lang=kk

Добавить комментарий