Встреча акима уйгурского района Елевизовой Боты Сериккизы с жителями Калжатского сельского округа.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Барлық деңгейдегі әкімдердің Қалжат ауылдық округ тұрғындарымен есепті кездесуі жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Қалжат ауылы                                                                  «04» ақпан 2026 жыл

Қалжат орта мектебі                                                          сағ: 11-00 де

 

Жиналыс төрағасы-  Н.Есжан

Жиналыс хатшысы – К.Баксамбаева

 

Қатынасқандар:

  1. Елеусізова Бота Серікқызы – аудан әкімі

Және аудандық мекеме басшылары,

 

Шақырушылар:

 

          Мекемпе, кәсіпорын басшылары мен ұжым қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, ауыл тұрғындары болып барлығы 119 адам қатысты.

 

КҮН ТӘРТІБІ

  1. Ауданның 2025 жылға арналған әлеуметтік—эканомикалық даму жоспарының орындалуы және 2026 жылға арналған орта мерзімді жоспарының міндеттері туралы аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызының есебі.

 

 

  1. Тыңдалды:

          Аудан әкімі  Елеусізова Бота Серікқызы

          Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша аудан әкімі Б.С.Елеусізова  ауыл тұрғындарына өткен жыл еліміз бен ауданымыз үшін жетістіктерге толы жыл болды дей келе елімізде және облыс, аудан көлемінде болып жатқан оң өзгеріс жаңалықтарға тоқталалып сөзін сабақтап 2025 жылы ауданның әлеуметтік-эканомикалық дамуының барысын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айта келе Қалжат ауылының 2025 жылы атқарылған жұмыстары жайлы тоқталды. Өткен жылғы есепті кездесуде айтылған ауыз су мәселесінің 2023  жылы мердігердің жауапсыздығынан аяқталмай ауыл тұрғындарының иғана емес аудан көлемінде келеңсіздік жағдайға ұшыратып тастап кетті. Бүгінгі күнде бұл мердігерлік компанияман заң орындары айналысуда. Бұл жұмыстық барысы облыс әкімінің қадағалауында. Бүгінгікүнде жаңа мердігер анықталып қаражат қарастырылып 2025 жылы күздей алдынғы мердігер компаниядан қалған қазу жұмыстарын жалғастырды өздеріңіз куә болдыңыздар. Бұйыртса күн жылысымен ауыз су құрылысы қайта қолға алынады. Сәикесінше ауыз су құрылысы бітсе артынан жолдарыңыз жасалады деп тұрғындарға түсіндіріп өтті.

           Сонымен қатар мемлекетімізде, әр өңірде  өткізіліп жатқан әлеуметтік-эканомикалық және саяси реформаларға тоқталып орталық және жергілікті органдардың тұрғындардың тіршілік деңгеиін көтеруде атқарылып отырған бағыттарына тоқталып өтіп ауданымыздың бүгінгі күнгі тыныс тіршілігімен таныстырып өтті. Ауданның әлеуметтік-эканомикалық дамуының 2026 жылға арналған кешенді бағдарламасы жайлы кең көлемде баяндамасында толық қамтылып ауданның мәдениеті, өсіп өркендеуі, демографиалық жағдайы, білім деңгеиі, денсаулық, шаруашылық дамуы, жаңа жұмыс көздерінің ашылуы, айналаны көркеиту, көгалдандыру, ауданды алдыңғы қатарлы ауданға айналдыру бағытында атқаруға тиіс жұмыстар жайлы тоқталып, өткен кездесулермен салыстыра отырып толық мағлуматтар берді..       Біздің күшіміз бірлікте! Бейбітшілік пен тұрақтылық – егеменді мемлекетіміздің басты құндылықтары! Бірлік, ынтымақ, патриотизм, батылдық, ертеңгі күнге деген сенім – қоғамды  ұйыстырудың және елді одан әрі дамытудың іргетасы. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және тыныштық тілеймін дей отырып баяндамасын аяқтады және қойылған сұрақтарға жауап берді.(жәшікке түскен сұрақтар болмады)

 

Сұрақ: ауулда бқрынғы кеңес одағынан бері тастанды болып тұрған бала бақшаны қалыпқа келтіріп іскер жаратамыз деушілер болса берсек ауыл сәнін бұзып бекер тұрғанша

Жауап: Ауыл әкімін тұрғызып бұрынғы бала бақшаны аудандық білім бөлімінің балансында болғанымен не жері не мүлкі тіркеуде емес екендігі анықталған дықтан баланстан шығарып иесіз мүлік ретінде әділет бөліміне заң талаптарына сай құжаттарын өткізу керектігі тапсырылды.

Сұрақ: Ауыз су мәселесі биылғы жылы аяқтау мүмкіндігі бар ма

Жауап: Мердігермен тұрғызып сөилесіп мәселені түсіндіріп ауыз су құрылысын осы жылы көрсетілген мерзімде аяқтау  керектігі тапсырылды.

Сөйлегендер.

1.Турдиев Махмут – зейнеткер, жігіт басы

Ол өз сөзінде бүгін аудан әкімі Б.Серікқызының  есебін тыңдадық онда өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды айта келе биылғы жылы атқаратын жұмыстардың жоспарын айтып өтті. Баяндаманы толық түсініп тыңдадық өткен жылы есепті кездесуде айтылған  сол ауыз су мәселесі еді оның да мәселесі шешіліп қалған жұмыстар жалғасын табар деп айта келе өз ойын ораға салды. Бұрынғы кеңес одағы кезінде салынған бала бақшаның құры қаңқасы тұр ауылдың көркін де бұзып тұр. Сол ғимаратты қалталы азаматтарға берсек керекке жаратса дұрыс болар еді деп ұсынысын айтты. Жалпы бүгінгі аудан әкімінің бір жылдық жұмысына ауыл тұрғындары атынан қанағаттанарлық деген баға беремін деп сөзін аяқтады.

  1. Нақысбеков Сламғожа-зейнеткер ақсақалдар кеңесінің төрағасы: Ол өз сөзінде әкімі Б.Серікқызының есебін тыңдадық онда өткен жылдағы атқарылған жұмыстарды айта келе биылғы жылы атқаратын жұмыстардың жоспарын айтып өтті. Баяндаманы толық түсініп тыңдадық жалпы біздің ауыл аудан орталығынан алыс орналасқан болса да ауылымызда біршама жұмыстар атқарылып басқа ауылға қарағанда жағдайымыз дұрыс деп айтсам қателеспеимін деп ойлаймын. Ауыл тұрғындары аудан басшысына және мемлекет басшыларына риза екендігін Жалпы бүгінгі аудан әкімінің бір жылдық жұмысына ауыл тұрғындары атынан қанағаттанарлық деген баға беремін деп сөзін аяқтады.

 

Қалжат ауылдық округі тұрғындары уәкілдерінің жиыны қаулы етеді.

  1. Ауданның 2025 жылға арналған орта мерзімді жоспарының және 2026 жылға арналған міндеттері туралы аудан әкімі Б.С.Елеусізованың есебі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
  2. Жиналыс барысында айтылған ой-пікірлермен ұсыныс талаптар бойынша іс-шаралар жоспарын жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету ауыл әкімінің аппаратына жүктелсін.
  3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау ауылдық округінің әкіміне тапсырылсын.

 

                  Жиналыс  төрағасы                          Н.Есжан

                   Жиналыс хатшысы                         К. Баксамбаева

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-kalzhat/press/news/details/1163562?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *