ТҮРКІСТАН: «TAZAQAZBOT» ТЕЛЕГРАМ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАН: «TAZAQAZBOT» ТЕЛЕГРАМ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 3 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін «TazaQazBot» телеграм платформасы арқылы 3 560 өтініш келіп түскен. Өтініштердің басым бөлігі – тазалық сақтау және абаттандыру мәселелеріне қатысты. Түскен арыз-шағымдар тиісті аудан, қала, ауыл және ауылдық округтерге жолданып, 1-7 күн аралығында орындалып жатыр.
Аймақта былтыр «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шарасы жоспарланып, толық жүзеге асырылған. Оған 1 миллионнан астам тұрғын қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1 миллион көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 634 бейнеролик таратылып, 101 билборд орнатылған.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 2024 жылғы 22 маусымнан бастап іске қосылды. Акция аясында көшелер мен аулалар, саябақтар, өзен-көл жағалаулары қоқыстан тазартылып, заңсыз қоқыс орындары жойылуда. Сондай-ақ, ағаш отырғызу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды көбейту, демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-mayakum/press/news/details/1163083?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version