Бокс турнирі

Опубликовано:

Автор:

в категории

15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні. Бұл атаулы дата еліміздің тарихында ерекше орын алады. Ол Ауған соғысының ауыр сынақтарынан өткен жауынгерлер мен офицерлердің ерлігі мен табандылығын, әскери борышқа адалдығын еске салады.

Осы маңызды күнге орай кикбоксингтен облыстық турнир ұйымдастырылды. Екі күн бойы Ақмола облысының қала, аудандарынан келген 100-ге жуық спортшы үш жас ерекшелігі бойынша чемпион атағы үшін сынға түсіп, өз шеберліктерін, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Жекпе-жектер тартысты әрі әсерлі өтті, әр кездесу спортшылар үшін төзімділік пен рух мықтылығын сынайтын нағыз додаға айналды.

Бүгін екі күнге созылған жарыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Турнир қатысушыларын Ақмола облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Дуанбай Ыбрай құттықтап, арнайы марапаттарын табыстады. Өз сөзінде ол мұндай іс-шаралардың жастар арасында спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Бұл турнир – ұрпақтар сабақтастығының, ерлікке тағзым мен жарқын болашаққа деген сенімнің айқын көрінісі болды. Жарыс барысында байқалған жігер, өзара құрмет пен қайсарлық қатысушыларды жаңа жетістіктерге жетелеп, алдағы биік белестерді бағындыруға күш-қуат берсін.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1163115?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version