
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Ауданда былтыр 14,6 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 35,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы арқылы 80 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл осы бағытта 100 пәтерді пайдалануға беру көзделуде. Аудандағы елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Аймақта электр желісімен қамту көрсеткіші – 98,4 пайыз. Қазіргі уақытта аудандағы 61 елді мекеннің 55-і көгілдір отынмен қамтылып, көрсеткіш 90,1%-ды құрап отыр. 2027 жылға қарай аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған газ жүйесімен қамтылатын болады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз жиынында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов мәлімдеді
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы 21 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 12 елді мекенде 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы аудан бойынша 4 медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Осы жылы ауданда 4 медициналық мекеменің құрылысы басталмақ. 2025 жылы мемлекеттік бюджет есебінен Шарбұлақ ауылынан 300 орындық, жеке инвесторлар тарапынан Сарапхана ауылынан 500 орындық және Қазығұрт ауылынан 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ауданда былтыр 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 35 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін салалық басқармаға ұсыныс енгізілген» – деді аудан басшысы.
2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 162,8 млрд теңгені құраған. Ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнім көлемін арттыру мақсатында Тұрбат ауылында 60 гектар жерге «ТҰРБАТ» агроиндустриалды аймағы құрылған. Нысанды жыл соңына дейін толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда. Аталған аймақта 416 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2025 жылы негізгі капиталға 47,9 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткішті 56 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделуде. 2025 жылы ауданда 83,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Аталған салаға 25,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда ауданда 510 гектар аумаққа тамшылатып суару әдісі енгізілсе, биыл 600 гектарға жеткізілмек. 2025 жылы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 534,6 млн теңгеге 65 жоба қаржыландырылса, осы жылы 1,2 млрд теңгеге 98 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр, 2025 жылы 78,6 шақырым канал механикалық тазалаудан өткен. Биыл 85,5 шақырым каналда тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, «Қарқын 2030» ЖШС-ң «Заманауи америкалық әдіспен 5 000 басқа мал бордақылау алаңының» құрылысы, «Agro-irrigation» серіктестігі тарыпынан «Гофрленген ауыз су мен кәріз құбырларын жасап шығару» зауыты, «Ай-Зере» серіктестігі тарапынан «Заманауи қыш өндірісі» зауытының құрылысы басталады», – деді аудан әкімі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
КАЗЫГУРТСКИЙ РАЙОН БУДЕТ ОБЕСПЕЧЕН 100-ПРОЦЕНТНОЙ ЦЕНТРАЛИЗОВАННОЙ ГАЗОВОЙ СИСТЕМОЙ
В прошлом году в районе проведены строительные работы на сумму 14,6 млрд тенге, введено в эксплуатацию 35,1 тыс. кв. метров жилья. Этим жильем обеспечены 80 семей. В этом году планируется ввести в эксплуатацию 100 квартир в этом направлении. Населенные пункты района на 100% обеспечены питьевой водой. Показатель охвата электроэнергией в регионе составляет 98,4%. В настоящее время из 61 населенного пункта района 55 охвачены голубым топливом, показатель составляет 90,1%. К 2027 году территория района будет на 100% обеспечена централизованной газовой системой. Об этом на пресс-конференции с представителями СМИ сообщил аким Казыгуртского района Азизхан Исмаилов
В рамках программы “Ауыл-ел бесігі” в 2025 году проведен средний ремонт и сдана в эксплуатацию 21 внутренняя улица. Также за счет районного бюджета проведен средний ремонт 22 улиц в 12 населенных пунктах. В 2025 году завершено строительство 4 медицинских объектов по району. В этом году в районе начнется строительство 4 медицинских учреждений. В 2025 году за счет государственного бюджета начаты работы по строительству школ на 300 мест в селе Шарбулак, на 500 мест в селе Сарапхана частными инвесторами и на 600 мест в селе Казыгурт. Кроме того, в прошлом году в районе проведен текущий ремонт 15 школ, в текущем году внесено предложение в отраслевое управление по ремонту 35 школ”, – сказал глава района.
В 2025 году объем валового регионального продукта составил 162,8 млрд тенге. В целях увеличения объемов продукции сельского хозяйства и промышленности в селе Турбат создана агроиндустриальная зона “Турбат” на площади 60 га. До конца года объект планируется обеспечить полной инфраструктурой. В данном регионе будет занято 416 человек. В 2025 году в основной капитал привлечено 47,9 млрд тенге инвестиций, в этом году планируется довести этот показатель до 56 млрд тенге. В 2025 году в районе произведено сельскохозяйственной продукции на сумму 83,1 млрд тенге. В данную отрасль привлечено 25,2 млрд тенге инвестиций. В настоящее время в районе введено капельное орошение на площади 510 га, в этом году планируется довести до 600 га. В 2025 году в районе в рамках программы “Ауыл аманаты” профинансировано 65 проектов на сумму 534,6 млн тенге, в этом году предусмотрено финансирование 98 проектов на сумму 1,2 млрд тенге, в 2025 году механически очищено 78,6 км каналов. В этом году планируется провести очистку 85,5 км каналов.
“Кроме того, в 2026-2027 годах планируется реализация 15 инвестиционных проектов. В том числе, начнется строительство “Откормочной площадки на 5 000 голов современным американским методом” ТОО “Қарқын 2030”, завода “Производство гофрированной питьевой воды и канализационных труб” от товарищества “Agro-irrigation”, завода “Современное гончарное производство” от товарищества “Ай-Зере”, – сказал аким района.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1162054?lang=kk

Добавить комментарий