Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілерін іске қосу салтанатына қатысты. Облыс басшысы аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, бұл күннің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Өйткені, тарихта тұңғыш рет Созақ ауданына табиғи газ беріліп отыр.
📌– Бүгін Сіздермен қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданында тарихи сәтте жолығып тұрмыз. Тарихи дейтін себебіміз – Шолаққорған ауылында табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылып, осындағы елдің арманы орындалып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың өмір сүру сапасын арттырып, ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Газбен қамту бойынша 2025 жылы облысымызда 87 нысанның құрылысы қолға алынды. Соның ішінде 45 жобаның құрылысы аяқталып, 70 мың халқы бар 41 елді табиғи газбен қамтылды. Өткен жыл қорытындысымен 606 елді мекен газбен қамтылып, 1,9 миллионнан астам тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көрді. Бүгін іске қосылған жоба – сол жұмыстардың нақты нәтижесі. Созақтағы АГТС-ы бар магистральды газ құбырының маңызы айрықша. Себебі бұған дейін облысымыздың барлық аудан, қаласы газбен қамтылса, тек Созақта ғана бұл мәселе шешілмеген еді. Мінеки, игілікті іс осында да жалғасты. Енді Созақ тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Сонымен бірге экологияны жақсартуға, инвестиция тартып, кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылады, – деді Нұралхан Көшеров.
Созақтықтар игі бастамаға мұрындық болып, жүзеге асырған облыс, аудан әкімдеріне, «QazaqGaz» АҚ-на ризашылықтарын білдірді.
▪️Салтанатты шара барысында Шолаққорған ауылдық округіндегі табиғи газ желілері ресми түрде іске қосылып, тұрғын үйде газ жағу рәсімі өткізілді. Жобаның жалпы құны 4,1 млрд теңгені құрайды. Құрылыс мерзімі 2019 жылы басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Жобаның қуаттылығы – 30 000 м³/сағат. Аталған жоба толық іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылдық округіндегі 4600 тұрғын үй табиғи газбен қамтылады. Бұл халықтың тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған АГТС арқылы ауданның қалған елді мекендері де газбен қамтылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________
ТУРКЕСТАН: СОЗАКСКИЙ РАЙОН ВПЕРВЫЕ ПОДКЛЮЧЕН К СЕТИ ПРИРОДНОГО ГАЗА, ЖИТЕЛИ ОБЕСПЕЧЕНЫ ГОЛУБЫМ ТОПЛИВОМ
▪️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров с рабочим визитом посетил Созакский район, где принял участие в торжественной церемонии запуска сетей газоснабжения в сельском округе Шолаккорган. Глава региона поздравил жителей района с историческим событием, отметив его особую значимость: впервые в истории в Созакский район подан природный газ.
📌– Сегодня мы встречаемся с вами в предгорьях седого Каратау в исторический момент. Мы называем его историческим, потому что в селе Шолаккорган впервые подается природный газ, и мечта местных жителей сбывается. Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на расширенном заседании Правительства 10 февраля поручил повышать качество жизни населения и обеспечивать сельские населенные пункты социально-инженерной инфраструктурой. В этом направлении в Туркестанской области проводится масштабная работа. В 2025 году в области было начато строительство 87 объектов газоснабжения. Из них завершены 45 проектов, что позволило обеспечить газом 41 населенный пункт с населением 70 тысяч человек. По итогам прошлого года газифицировано 606 населенных пунктов, голубым топливом пользуется более 1,9 миллиона жителей. Запущенный сегодня проект – это конкретный результат проделанной работы. Магистральный газопровод с автоматизированной газораспределительной станцией в Созаке имеет особое значение. Ранее газоснабжением были охвачены все районы и города нашей области, и только в Созакском районе этот вопрос оставался нерешенным. Теперь же благое начинание нашло свое продолжение и здесь. Жители Созака смогут ощутить все преимущества природного газа, что значительно повысит качество их жизни. Вместе с тем, это открывает путь к улучшению экологии, привлечению инвестиций и развитию предпринимательства, – сказал глава региона.
▪️В ходе торжественного мероприятия в сельском округе Шолаккорган состоялась церемония зажжения газа в одном из жилых домов.
▪️Общая стоимость проекта составляет 4,1 млрд тенге. Срок строительства охватил период с 2019 по 2026 годы. Мощность проекта – 30 000 кубометров в час.
▪️При полной реализации данного проекта природным газом будут обеспечены 4 600 жилых домов в сельском округе Шолаккорган. Это позволит повысить качество жизни населения, улучшить экологическую обстановку и окажет положительное влияние на развитие социальной инфраструктуры. Через данную АГРС будут газифицированы и остальные населенные пункты района.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1162057?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *