Төлеби ауданы аумағында ересектер арасында волейболдан жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Дәстүрлі спорттық бәсекені Төлеби спорт клубы өткізді.
Аталған жарысқа ауданның 13 ауылдық округінің командалары толық құрамда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Доданың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және аудан спортының деңгейін арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дайындалған кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, тартысты кездесулер барысында ерекше ойын үлгісін көрсеткен бірқатар спортшылар арнайы номинациялармен марапатқа ие болды.
Командалық нәтиже: І орын – Тасарық ауылдық округі
ІІ орын – Қаратөбе ауылдық округі
ІІІ орын – Алатау ауылдық округі
Үздік төрттік – Ленгер қаласы
Барлық қатысушыларға белсенділік пен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңіс жолындағы жігерлеріңіз арта берсін! Спорт – ел мерейі, бірлік пен күштің айғағы!
Добавить комментарий