Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Опубликовано:

Автор:

в категории

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы – 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Анықтамалық ақпарат 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы ұсынылады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1162223?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version