Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта заңсыз жүруіне және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өтуде.
Рейдке құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен ерікті жастардан құралған кезекші топтар тартылып, жауапты аумақтарға бекітілді.
Шара барысында қоғамдық орындар, кафелер, ойын-сауық орталықтары бақылауға алынып, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі түрде жалғастыруды және қоғамдық тәртіпке ерекше мән беруді жауапты сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.
Айта кетейік, аудан бойынша құқықтық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған рейдтік іс-шара одан әрі жалғасатын болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1162175?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ