
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ильясов Сержан Абдухарұлын тағайындады.
Аудан басшысы жаңа қызметке тағайындалған аппарат басшысына сенім білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ Сержан Абдухарұлы өзіне жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жүйелі жұмыстарды жүзеге асыратынын жеткізді.
Ильясов Сержан Абдухарұлы 1978 жылы Шардара ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Әр жылдары жер қатынастары, ауыл шаруашылығы салаларында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Аудандық бөлімдерде бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, ауылдық округ әкімінің орынбасары, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.
Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар, басқарушылық қабілеті қалыптасқан маман.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1162505?lang=kk

Добавить комментарий