
Толассыз жауған жауын салдарынан Шардара қаласы, К. Әзірбаев көшесі, №31 мекенжайында орналасқан, өлшемі 17×13 метр, қам кірпіштен салынған тұрғын үйдің оң жақ бетінің артқы бұрышы жарылған.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан келтірілген залал есептелгеннен кейін, аудан әкімдігі тарапынан аталған үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.
Оқиға орнына аудан әкімі Арман Қарсыбаев барып, жағдаймен танысты. Аудан әкімі тұрғындарды сабырға шақырып, аудан әкімдігі тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.
Жағдай бақылауда.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1161970?lang=kk

Добавить комментарий