ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ ПЕН АУДАН МАҚТАНЫШЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауыр атлетикадан ел мерейін асырған қос саңлақ — Арапбай Нұрасыл мен Тұрғанбай Әлішерді арнайы қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады.
Кездесу барысында Арман Романұлы:
«Ауданның абыройын асқақтатып, еліміздің намысын қорғап жүрген сендердей спортшылар — өскелең ұрпаққа үлгі. Табандылық пен еңбекқорлықтың, тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нақты нәтижесін көрсеттіңдер. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, көк туымызды жоғары көтере беріңіздер», — деп жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, аудан әкімі қос чемпионның спорттағы зор жетістіктерін жоғары бағалап, Алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлық табыстады. Бұл қолдау спортшыларға жаңа жеңістерге жетуге үлкен серпін беретіні анық.
Еске сала кетсек, 2026 жылдың 10 ақпаны күні Шымкент қаласында басталған ауыр атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында ауданымыздың спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Арапбай Нұрасыл
71 кг салмақ дәрежесінде:
— жұлқа көтеру — 129 кг,
— серпе көтеру — 160 кг,
— жалпы сомма — 289 кг,
нәтижесімен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Тұрғанбай Әлішер
60 кг салмақ дәрежесінде:
— жұлқа көтеру — 119 кг,
— серпе көтеру — 141 кг,
нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын қорғап, чемпион атанды.
Кездесу соңында аудан басшысы спортшыларға алғыс айтып, алдағы жарыстарда да ел абыройын асқақтатып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.
Жеңістеріңіз құтты болсын, чемпиондар!
Еліміздің мәртебесін көтере беріңіздер!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1161879?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version