Аудан әкімдігінің мәжіліс залында суармалы жерлер мен су ресурстарын заңсыз пайдаланудың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории
Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Б. Мүтәлиев, аудан прокуроры А. Әлі қатысып, алқалы отырысты аудан әкімінің орынбасары Ж. Бердешов жүргізді.
Кездесу барысында Жаушықұм массивін игеру мәселесі кеңінен талқыланды. Жиында жауапты сала өкілдері мен шаруаларға қолданыстағы заң талаптары жан-жақты түсіндіріліп, алдағы уақытта жерді өз бетінше, заңсыз игеруге жол берілмейтіні қатаң ескертілді. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, су ресурстарын үнемдеу және белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында қатысушыларды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жер мен суды ұтымды әрі жауапкершілікпен пайдалануға шақырды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілетіні атап өтілді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1161877?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version