ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Шымкент қаласында ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚР чемпионаты басталды. Кіл мықтылар жиналған сайыста түркістандық зілтемірші Әлішер Тұрғанбай жеңімпаз атанды. 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол жұлқа көтеруден 119 келі, серпе көтеруден 141 келіні бағындырды. Осылайша өз салмағанының еліміздегі үздігі ғана атанып қоймай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесіне де қол жеткізді.
Айта кетейік, спортшы 2025 жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел біріншілігінде де үздік деп танылған болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1160859?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ