Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутат Конституцияның преамбуласын қайта қарау жөнінде ұсыныс білдіргенін атап өтті.
«Ата Заңы мықты елдің – тұғыры берік, Туы биік. Заман өзгереді. Онымен бірге қоғам да, құндылықтар да жаңғырады. Мемлекеттің шынайы қуаты – оның мәңгілік құндылықтарында», деді Үнзила Шапақ.
Толығырақ https://egemen.kz/article/406638-unzila-shapaq-zhanha-konstitutsiya-dgobasynda-tarikhymyz-alghash-ret-myzghymas-u
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1161305?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ