Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Еркін Жиеналиннің төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала және білім, денсаулық сақтау, құқық тәртібі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы С.Займолдин, аудан әкімінің орынбасары С.Сүлеймен, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы М.Арыстанов, ауылдық округ әкімдері, тиісті мекеме басшылары және БАҚ өкілі қатысты.
Күн тәртібінде келесідей мәселе қаралып, талқыланды:
1. «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның өзіне жүктелген міндеттерінің орындалуы туралы» заңының орындалу барысы туралы
Хабарламашы: А.Т.Батанов – Ойыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары;
2. Ауданда ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және оның нәтижелері туралы
Хабарламашы: А.А.Алдияр – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
3. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және алдағы жылға жоспары туралы
Хабарламашы: С.Т.Дәулетқалиев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
4. Аудан аумағында су тасқынына қарсы қажетті жұмыстарды жүргізу үшін тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы туралы
Хабарламашы: Ж.А.Қобыланов – аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы;
5. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 294 «2026-2028 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Күн тәрбінідегі мәселелер тыңдалып, ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісінше қаулылар қабылданды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1161017?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ