Ауыл аманаты

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ауыл аманаты мемлекеттік бағдарламасы аясында микрокредиттер алуға өтінім қабылдау 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап Жетісу облысы бойынша қайта жанданды.

Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауылдық жерлердегі кооперацияны қолдауға бағытталған.

Өтінімдер «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде қабылданады.

Өтінімдер ауыл шаруашылығы жобалары және қайта өңдеу бағыттары бойынша қабылданады. Сонымен қатар, Қағидаларда белгіленген лимиттің орындалуына байланысты мал шаруашылығы бағыты бойынша өтінім қабылдау жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз.

Өтінімдер amanatnesie.kz порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.

Құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №53 «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттеу және лизинг қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, 113, 1-қабат, РИР «СПК «Жетісу» АҚ ғимараты.
Байланыс телефоны: 8 (7282) 32-94-14 (ішкі нөмірі 231).

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybulak/press/news/details/1161189?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *