“Amanat” партиясы ОАФ қабылдау

Опубликовано:

Автор:

в категории
12 ақпан күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаты Еркін Жиеналин және аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Марат Арыстанов “Amanat” партиясы Ойыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау кестелеріне сәйкес сайлаушыларын қабылдады.
Қабылдауға сайлаушылардың мәселелері бойынша Ойыл Мансап орталығының өкілі, Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы қатысты.
Өтінішітер легі: тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал ету, тұрғын үй, Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу, Ойыл-Көптоғай автомобиль жолын асфальттау, Амангелді ауылына балабақша қажеттігі мәселелері болды.
Барлық өтініштерге заңдылығы аясында түсінік беріліп, мәселелері назарға алынды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1161028?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *