
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Сауран ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдайдың алдын алу және ықтимал қауіптердің алдын кесу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Аудан аумағында ахуал тұрақты болғанымен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық жауапты қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда аудан орталығында және елді мекендерде арнайы техникалар жұмылдырылған. Атап айтқанда, аудан орталығында 2 жүк тиегіш көлік, 2 жүк тасушы автокөлік, 3 трактор, сусорғыш қондырғы, УАЗ автокөлігі және микроавтобус кезекшілікке қойылып, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Сонымен қатар ауданға қарасты 12 ауылдық округтің әрқайсысында 12 дана трактор және 12 дана жүк көлігі әзірлікке келтірілген. Барлық техника тәулік бойы бақылауда ұсталып, қажет болған жағдайда дереу іске қосылады.
Аудан орталығында және қауіп аймағындағы елді мекендерде жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мұхтар Қуанышбаев бірлесіп бақылауда. Жауапты басшылар жағдайды зерделеп, тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Теке елді мекенінде қосымша күштер шоғырландырылды. Мұнда 3 жүк тиегіш көлік, 2 су тасығыш көлік, экскаватор, трактор, медициналық автокөлік, «Нива» автокөлігі, полиция автокөлігі және автобус дайындыққа қойылған. Бұдан бөлек, 2 жүк тиегіш көлік, 2 жүк тасушы көлік, трактор және 2 УАЗ автокөлігі жұмылдырылған.
Жалпы үш ауылды қамтитын арнайы жедел әрекет ету тобы құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта Сауран ауданындағы жағдай тұрақты. Тиісті мекемелер тарапынан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
—————–
ТУРКЕСТАН: В САУРАНСКОМ РАЙОНЕ УСИЛЕНЫ МЕРЫ ПО ПРЕДУПРЕЖДЕНИЮ ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ
В Сауранском районе в связи с неблагоприятными погодными условиями активизирована работа по предотвращению чрезвычайных ситуаций и пресечению возможных угроз. Несмотря на то, что ситуация на территории района остается стабильной, в целях обеспечения безопасности все ответственные службы переведены на усиленный режим работы.
На данный момент в районном центре и сельских населенных пунктах задействована специальная техника. В частности, в райцентре на дежурство выставлены 2 погрузчика, 2 грузовых автомобиля, 3 трактора, водооткачивающая установка, автомобиль УАЗ и микроавтобус, готовые к оперативному реагированию в случае возникновения ЧС. Кроме того, в каждом из 12 сельских округов района подготовлены по одному трактору и грузовому автомобилю. Вся техника находится под круглосуточным контролем и будет немедленно задействована при необходимости.
Ход профилактических мероприятий в районном центре и населенных пунктах, находящихся в зоне риска, лично проинспектировали первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов, аким Сауранского района Максат Тангатаров, прокурор района Алмаз Асылбеков и руководитель районного отдела по ЧС подполковник гражданской защиты Мухтар Куанышбаев. Руководители изучили текущую обстановку и дали конкретные поручения соответствующим службам.
Особое внимание уделено населенному пункту Теке, где сосредоточены дополнительные силы: 3 погрузчика, 2 водовоза, экскаватор, трактор, медицинский автомобиль, «Нива», полицейская машина и автобус. Также привлечены 2 дополнительных погрузчика, 2 грузовика, трактор и 2 УАЗа.
Для оперативного реагирования создана специальная группа, охватывающая три села, организовано круглосуточное дежурство. В настоящее время ситуация в Сауранском районе стабильная. Работы по обеспечению безопасности населения и предупреждению ЧС продолжаются.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1159795?lang=kk

Добавить комментарий