Түркістан облысында Терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облысының әкімі – Н. Көшеровтың төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. 
Комиссия отырысына облыстық терроризмге қарсы комиссиясының мүшелері, құзырлы органдардың басшылары мен тиісті департаменттердің басшылары және қала, аудан әкімдері қатысты.
Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, тиімді шешімдер қабылдау және атқарылып жатқан шараларды үйлестіру мәселелері талқыланды.
Жастар ортасында интернет кеңістігі арқылы теріс идеологияға кіруіне қатысты жағдайлар және оларды шешу жолдары пысықталды.
Отырыс барысында күзетілетін объектілердің жай-күйі және оларды материалдық техникалық қамтамасыз ету деңгейі, интернет кеңістігіндегі заңсыз материалдарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша есеп берілді.
Баяндамашылық тәртіптен кейін, ІV тоқсанның қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы сын-пікірлер тыңдалды.
Аудандық, қалалық терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қызметін ынталандыру мақсатында, облыс әкімінің назарына қызметін жоғары және төмен деңгейде ұйымдастырған ТҚК мүшелері мен хатшылары ұсынылды.
Мәжіліс соңында ақпараттық кеңістікті жақсарту, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды бағдар ету мәселелері сөз болды.
Отырыс қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алға қойылған жоспар талқыланып, хаттамалық тапсырмалар берілді.
 
 
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1160495?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *