Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен Бәйдібек ауданындағы «Қ.Бәйменов» және «Жамбыл» атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Терроризмге қарсы иммунитет: ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға аудандық ақпараттық насихаттық топ мүшелері арнайы қатысып, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, интернет пен басқа да ақпарат көздерінде таралатын күмәнді материалдарға сенудің қауіпті салдары, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылыққа ықпал ететін ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы түсіндірілді.
Жастарға экстремистік идеялар мен радикалды мазмұнды дұрыс ажырата білу, қауіпті материалдардың таралуына жол бермеу, өзара түсіністік пен қоғамдағы бірлікті сақтау қажеттігі көрсетілді.
Кездесу барысында ақпараттық сауаттылықты арттыру, тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйену, күмәнді мазмұнды ақпараттарды уақытында анықтап, тиісті органдарға хабарлау маңызды екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға интернеттегі қауіпті контенттің жастарға әсер ету мүмкіндігі туралы нақты мысалдар келтіріліп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында практикалық кеңестер берілді.
Жастарға қоғамдағы бірлік, өзара сыйластық, жауапкершілік пен келісім сияқты құндылықтарды насихаттауда ақпараттық сауаттылықтың рөлі де айтылып, олардың әрқайсысы терроризм мен экстремизмнің алдын алуда өз үлесін қосу жолдары туралы нұсқаулар алды.
Кездесулер соңында оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап беріліп, ақпараттық кеңістікте жауапты болу, қауіпті мазмұнға жол бермеу және қоғамдағы тұрақтылықты қолдау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Кездесуге барлығы 100-ге жуық оқушылар қатыстырылды.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1160490?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ