“Саналы ұрпақ – қауіпсіз ел!”

Опубликовано:

Автор:

в категории

Түркістан қаласында орналасқан «Болашақ» колледжінің студенттеріне экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында «Саналы ұрпақ – қауіпсіз ел!» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық Терроризмге қарсы комиссиясы және ақпараттық насихаттық топ мүшелері арнайы қатыстырылды.
Кездесудің мақсаты – студенттерге экстремизм мен терроризм идеологияларының жастарға ықпал ету жолдары, әлеуметтік желілерде таралатын зиянды ақпараттың белгілері және күмәнді контенттен қорғанудың тиімді тәсілдерін түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында қазіргі таңда жастар арасында интернет арқылы таралатын теріс идеологиялардың қауіптері, олардың психологиялық және құқықтық салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Әсіресе экстремизм мен терроризмге тартудың жасырын тәсілдері, әлеуметтік желілердегі манипулятивті материалдар және жалған шақырулар бойынша нақты мысалдар түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға күмәнді топтар мен таныс емес аккаунттардан келетін ұсыныстарға сақ болу, жеке деректерді құпия сақтау, күдікті жағдайлар орын алғанда ата-аналарға және уәкілетті органдарға хабарлау қажеттігі атап өтілді.
Спикер ретінде шақырылған ақпараттық насихаттық топ мүшесі Қ. Мырзабай өз сөзінде қазіргі ақпараттық ортадағы манипуляциялық әдістердің кең таралуына байланысты әрбір азаматтың ақпаратты дұрыс саралай білуі маңызды екенін атап өтті.
Сонымен бірге, террористік немесе экстремистік әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары, қылмыстық жауапкершілік және қауіпсіздік талаптары да кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында жастарға ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, күдікті жағдайлар бойынша тиісті органдарға хабарлау, сондай-ақ өзін және ортасын теріс ықпалдан қорғау жөнінде ұсыныстар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1160457?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *