ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ 

Бүгін аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. 

Қоғамдық кеңес отырысына Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов, күн тәртібіндегі қаралатын мәселе бойынша бөлім басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері                                  қатысты.

 

      КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:

  1. «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.

          Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциялық реформалар жайлы.

Хабарламашы: Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсенов.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мекеме басшысының  хабарламасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Кеңес отырысына Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов арнайы қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциялық реформалар жайлы жаңа Конституция жобасын түсіндіріп,   Конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен енгізілетін өзгерістер туралы кеңес мүшелеріне жан-жақты ақпарат берілді. Жиын барысында жаңа Конституция мемлекетіміздің демократиялық дамуы мен құқықтық, әлеуметтік тұрақтылығын және қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызы зор құжат болып табылатындығы атап көрсетілді.

                         

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1160061?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *