Этносаралық қатынастарды мониторингтеу жобасы аясында ауылдық округте қоғамдық келісімді нығайту және татулықты сақтау мақсатында ақсақалдар мен аналар кеңесінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Этносаралық қатынастарды мониторингтеу жобасы аясында ауылдық округте қоғамдық келісімді нығайту және татулықты сақтау мақсатында ақсақалдар мен аналар кеңесінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары арасындағы ынтымақ пен бірлікті сақтау, түрлі этнос өкілдерімен өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды. Ақсақалдар мен аналар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда отбасы тәрбиесінің, үлкендердің өнегесінің және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында этносаралық түсініспеушіліктің алдын алу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және бейбітшілік мәдениетін қалыптастыру бағытында ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысында ауылдық округте этносаралық татулықты сақтау бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі белгіленді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-cherkassk/press/news/details/1160446?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version