АУДАН ӘКІМІ АУДАНДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев қызметтік қажеттілікке байланысты аудан әкімінің орынбасарларын жауапты бөлім басшыларымен бірге қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысының орынбасары Еркебұлан Қаратуновпен бірге бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, шағын өндірістік аймақтың құрылысының барысы мен абаттандыру жұмыстары, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Шардара қаласына кіре берістегі логотипті жаңарту, аудандағы тазалық жұмыстары, қала көшелеріндегі жарық шамдарына таймер орнату, Тама ауыз су торабының құрылысының жүру барысы, Қалғансыр ауылына баратын жол салу, Сүткент ауылдық округінде салынып жатқан спорт кешенінің құрылысы және көктемгі ағаш отырғызу жоспары сөз болды.
Аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдеу мақсатында жаңа технологияларды енгізу және аудандағы көктемгі егіске дайындық барысы туралы баяндады.
Ал аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков жаңадан салынатын индустриялық аймақ, ауданның ішкі саяси тұрақтылығы және алдағы референдум өткізу жұмыстарының дайындығы жөнінде мәлімет берді.
Кездесу соңында аудан әкімі Арман Романұлы орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1160342?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version