
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес 2026 жылғы 8 ақпанда өткен Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің сайлауының қорытындысы негізінде, сондай-ақ, ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына және аудан әкімінің 2026 жылғы 9 ақпандағы №5 өкіміне сәйкес Акимов Мұхтар Сақтапұлы Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі болып сайланды.
АКИМОВ МҰХТАР САҚТАПҰЛЫ
1967 жылғы 14 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
2008 жылы «Қайнар» университетінің экономика факультетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
• 1999–2002 жж. – Темір қаласы әкімі аппаратының инспекторы;
• 2002–2010 жж. – Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Темір ауданы бойынша өрт-құтқару қызметінің инспекторы;
• 2010–2016 жж. – Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі;
• 2018–2025 жж. – Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы;
• 2025–2026 жж. – Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің инженері.
2026 жылғы 10 ақпаннан бастап Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі лауазымына сайланды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir-temir/press/news/details/1159838?lang=kk

Добавить комментарий