Skip to content

Читать на Казахском

ПОДПИСАТЬСЯ
ВОЙТИ
Среда, 11 февраля, 2026
200News на русском

КАЗАХСТАН

РСК

ШЫМКЕНТ



Жұлдыз Сүлейменова: Жобалар саны емес, сапа мен нәтиже маңызды

Опубликовано:

11/02/2026 15:33

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
в категории Новости

ҚР Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен облыстық білім басқармалары басшыларының қатысуымен аппараттық жиын өтті. Жиынның күн тәртібінде өңірлердегі оқушылардың білім сапасын арттыру және инклюзивті білім беру мәселелері қаралды.

Жиын барысында аймақтардағы білім сапасының көрсеткіштері сарапталды. Министр өңірлер арасындағы алшақтықты атап өтіп, кейбір облыстардың артта қалуына қатысты сыни пікір білдірді. Өңірлік білім басқармаларының басшылары жаңа жобалар мен педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары туралы баяндағанымен, ведомство басшысы «сандық көрсеткіштерді қуалауды» тоқтату қажеттігін қатаң ескертті

«Өкінішке орай, арамызда білім сапасын оқушының терең білімімен емес, атқарылған жобалардың санымен өлшейтін менеджерлер әлі де бар. Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет. Сол себепті, өңірлерде қалыптасқан жағдайды бүкпесіз айтып, оны шешудің жолдарын бірге іздестіруден ғана нәтиже болады», – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Мектептептегі сапаға тікелей әсер ететін индикаторлардың бірі сала менеджерлерінің, білікті кадрлардың тапшылығы. Мектеп директорларының басқарушылық дағдыларының төмендігі білім жүйесінің сапасына тікелей әсер етуде. Оған қоса мектеп ішіндегі корпоративті мәдениеттің төмендеуіне әкеліп соғуда, мұндай мектептерде мұғалімдердің мазасы қашып, орталыққа хат жазуы жиілеп кеткен.

Қазір ел аумағындағы мектептерде 490 мектеп директоры лауазымы бос тұр. Мектеп басшылары әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обыстарында жетіспей жатыр. 2025 жылы директорлыққа үміткерлердің тек 21%-ы ғана тестілеуден өткен. Сол себепті, жиында директорлар жетіспейтін өңірлерге білікті мамандарды басқа аймақтардан тарту мүмкіндіктерін қарастыру жайы айтылды.

Нақты ғылымдар бойынша педагогтердің жетіспеушілігі де оқуға айтарлықтай кедергі келтіруде. Педагогтердің едәуір бөлігі кәсіби бағалау шегінен өте алмауда, ал әдістемелік қызмет сапасы өңірлер бөлінісінде біркелкі емес. Педагогтердің білімін бағалау нәтижесінде мұғалімдердің 52,62 %-ы шекті деңгейден өтпеген. Төмен көрсеткіштер Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында айқын байқалады.

Өңірлердегі ақпараттық платформалардың әр алуандығы мен деректердің шашыраңқылығы да саланың тағы бір әлсіз тұсы. Бұл мәселені шешу үшін министрлік жүйелі шаралар қабылдауда. Барлық өңірлік платформалар біртіндеп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Esep.kz жүйесіне интеграцияланады. Бұл шара деректердің ашықтығын қамтамасыз етіп, деректерді біріздендіруге көмектесетін болады және артық есептіліктен арылуға мүмкіндік береді.

Министрдің пікірінше инклюзия бұл жай ғана көрсеткіш үшін кабинет ашу емес, ерекше қажеттілігі бар баланың қоғамға бейімделуіне жасалған шынайы қолдау болуы тиіс. Сондықтан ведомство өңірлердегі инклюзия кабинеттерінің тиімділігін зерделейтін болады.

Жиын соңында Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім беру басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімін бекітті. Өңірлердің нақты қажеттіліктерін білу, сала менеджерлерімен ақылдасу алда маңызды стартегиялық әрі инфрақұрылымдық шешімдердің қабылдануына негіз болмақ.

 
 

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kdso/press/news/details/1159272?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

←Previous: Жоғары медицина колледжінің студенттері үшін есірткі қылмыстарының алдын алуға және есірткі құралдарына тұрақты түрде теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Кездесуді облысы Жетісу Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, дәрігер-наркологтың қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шара барысында мамандар мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі заттарын қолданудың құқықтық салдары, медициналық қауіптері және әлеуметтік мәселелері туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ жеке денсаулық үшін жауапкершілікті қалыптастыру және қауіпсіз қоғам құрудағы жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Ақпаратты көрнекі түрде қабылдау мақсатында қатысушыларға тәуелділіктің нақты салдарын және тыйым салынған заттардың адамның және оның жақындарының өміріне тигізетін жойқын әсерін көрсететін әлеуметтік антинаркотикалық бейнероликтер ұсынылды. Болашақ медицина қызметкерлері талқыланған тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, мамандарға белсенді түрде сұрақтар қойып, тәжірибелік тәжірибе мен кәсіби білімге негізделген білікті жауаптар алды. Жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу — есірткі қылмысына қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі. «Жас ұрпақтың бойында есірткіге қарсы берік иммунитет қалыптастыру — бүкіл қоғамның маңызды міндеті. Мемлекет, мамандар және жастардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана есірткі қылмыстарының таралуын тоқтатып, ұлт денсаулығын сақтауға болады», — деп атап өтті спикерлер. Осындай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл — әрбір адамның денсаулығы мен әл-ауқаты мықты әрі гүлденген мемлекеттің негізі екенін ұғындыруға мүмкіндік береді. #законипорядок #заңментәртіп #есірткігежолжоқ
Next: АКИМ РАЙОНА ДАЛ ИНТЕРВЬЮ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ→


НОВОСТИ

КАЗАХСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

НОВОСТИ

Условия оплаты

Политика конфиденциальности

Условия пользования

АККАУНТ

ВОЙТИ

ПОДПИСАТЬСЯ

“200.news” – интернет-издание ТОО “Информационное агентство Бахытжан Копбаев”. Свидетельство о регистрации №KZ77VPY00071781 выдано Комитетом информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан 21 февраля 2024 года. Портал для пользователей старше восемнадцати лет. Материалы могут быть воспроизведены при соблюдении условий использования.

Телефон нашего агентства: +77778848811 , почта : info@200.news

Exit mobile version