Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
▪️Түркістан облысындағы этносаралық ахуал тұрақты. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен этносаралық қатынасты нығайту бойынша жиын өтті. Күн тәртібінде ауылдық елді мекендерде шаруашылық қызмет арқылы этносаралық келісімді сақтау және әлеуметтік тұрақтылық мәселелері, Келес ауданындағы этносаралық қатынастар саласындағы ағымдағы жағдай туралы кеңінен талқыланды.
⤵️Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты басшыларға жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
📌– Тұрғындарға ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен теңдігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтіңіздер. Қолдау шараларының біркелкі және ашық жүзеге асырылуын қамтамасыз етіңіздер. Жұмыссыздық мәселесін жан-жақты талдап, жастарды жұмыспен қамтуға, сондай-ақ спорт пен мәдени шараларға белсенді тарту қажет, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
▪️Түркістан облысында 89,4 мың агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы. Оның ішінде, 78,6 мың шаруа қожалығы, 6,9 мың жеке кәсіпкер, 3,9 мың заңды тұлға бар. Жыл сайын 30 мыңға жуық агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ниет білдірген барлық азаматтарға, олардың өтінімдері қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, этностық шығу тегіне, ұлтына немесе өзге де айырмашылықтарына қарамастан, тең және шектеусіз қолдау көрсетіледі. 2025 жылы 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 22,3 мың АӨК субъектілеріне қолдау көрсетілді. 2023 – 2024 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 25,6 млрд теңгеге 3864 жоба қаржыландырылса, оның 17 пайызы немесе 653 жоба басқа ұлт өкілдерінің өтінімдері қаржыландырылған.
▪️Ауыл шаруашылығы саласындағы табыстың маңызды факторларының бірі – этносаралық татулық пен өзара сенім. Көпэтносты ауылдарда бірлескен шаруа қожалықтары құрылып, кооперация дамып, өзара көмек пен ынтымақтастық қалыптасқан. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ауыл халқының өмір сапасын жақсартуға әсер етуде. Бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау шаралары әділдік, ашықтық және заңдылық қағидаттарына негізделіп жүзеге асырылады.
▪️Жиында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудандағы этносаралық қатынастардың қазіргі жағдайы туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, ауданда этносаралық қатынастар саласы бойынша жағдай тұрақты. Келес ауданы – халқы тығыз қоныстанған аудандардың бірі. Ауданда 132 398 адам, 20-дан астам этнос өкілдері тұрады. Ауданда 4 этно-мәдени бірлестік (өзбек, түрік, түркмен, ұйғыр) қызмет атқарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОБСУДИЛИ ПУТИ УКРЕПЛЕНИЯ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ОТНОШЕНИЙ
▪️Межэтническая ситуация в Туркестанской области остается стабильной. Под председательством первого заместителя акима Туркестанской области Зулфухара Жолдасова состоялось совещание по вопросам укрепления межэтнических отношений. На повестке дня были детально обсуждены вопросы сохранения согласия и социальной стабильности через хозяйственную деятельность в сельских населенных пунктах, а также текущая ситуация в сфере межэтнических отношений в Келесском районе.
⤵️Первый заместитель акима области поручил ответственным руководителям усилить работу в данных направлениях.
📌– Необходимо активизировать разъяснительную работу среди населения о доступности и равенстве мер государственной поддержки в сфере сельского хозяйства. Обеспечьте единообразное и прозрачное осуществление мер поддержки. Нужно провести всесторонний анализ вопросов безработицы, активно привлекать молодежь к трудоустройству, а также к спортивным и культурным мероприятиям, – подчеркнул З. Жолдасов.
▪️В Туркестанской области функционируют 89,4 тысячи агроформирований, что составляет 31% от общего республиканского показателя. В их числе – 78,6 тыс. крестьянских хозяйств, 6,9 тыс. индивидуальных предпринимателей, 3,9 тыс. юридических лиц. Ежегодно поддержку получает около 30 тысяч субъектов агропромышленного комплекса (АПК). Всем гражданам, желающим развивать сельское хозяйство, при соответствии их заявок требованиям законодательства, оказывается равная и неограниченная поддержка, независимо от их этнического происхождения, национальности или иных отличий. В 2025 году в рамках девяти бюджетных программ поддержку получили 22,3 тысячи субъектов АПК. По программе «Ауыл аманаты» за 2023-2024 годы было профинансировано 3864 проекта на сумму 25,6 млрд тенге, из которых 17% (653 проекта) составили заявки представителей различных этнических групп.
▪️Одним из важных факторов успеха в сельском хозяйстве являются межэтнический мир и взаимное доверие. В полиэтнических селах создаются совместные крестьянские хозяйства, развивается кооперация, формируются традиции взаимопомощи и сотрудничества. Это, в свою очередь, укрепляет социальную стабильность и улучшает качество жизни сельчан.
▪️В ходе заседания аким Келесского района Жанибек Агыбаев доложил о текущей ситуации в районе. По его словам, обстановка в сфере межэтнических отношений стабильна. Келесский район является одним из самых густонаселенных: здесь проживает 132 398 человек, представляющих более 20-ти национальностей. В районе активно работают четыре этнокультурных объединения (узбекское, турецкое, туркменское и уйгурское).
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1158134?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *