Тұран ауданында құтқарушылармен алдын алу бағытындағы дөңгелек үстел өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шымкент қаласының Тұран ауданында Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты мамандандырылған жасақтың, №5 өрт сөндіру бөлімінің және жедел-құтқару жасағының жеке құрамының қатысуымен профилактикалық бағыттағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатр, наркологы Баймурунова Раушан Асановна шақырылды. Ол «Суицидтің алдын алу», «Нашақорлық, алкоголизм және темекі шегудің зияны» тақырыптарында баяндама жасап, қызмет барысында жиі кездесетін психологиялық күйзелістер мен оларды еңсеру жолдарына тоқталды. Сонымен қатар маман зиянды әдеттердің адам денсаулығына, қызметтік тәртіпке және өмір сапасына тигізетін кері әсерін кеңінен түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында жол қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениет мәселелері де назардан тыс қалмады. Тұран ауданы жол-патрульдік полиция инспекторы, полиция капитаны Маденов Нұрлан Абдығаниевич «Жолда жүру қағидаларын сақтау» және «Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары» тақырыптарында сөз сөйлеп, жеке құрамға заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын атап өтті. Ол жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының қоғамға тигізетін зияны жөнінде нақты мысалдар келтірді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын мамандарға қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар жеке құрамның кәсіби және психологиялық тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1158743?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *