Қаратау ауданында тұрғындармен өрт және газ қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру кестесіне сәйкес Қаратау ауданына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімі, №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы Тассай шағын ауданы, Мәртөбе және Сайрам тұрғын алаптарының тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын алу» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар күнделікті тұрмыста жиі кездесетін қауіп-қатерлерге тоқталып, электр және газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар тұрғындарға өрттің және улы газбен уланудың алдын алу жолдары көрсетілген жадынама парақшалары таратылды. Қызметкерлердің айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да аудан тұрғындарымен осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1158747?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *