Мұқағали Мақатаев оқулары

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» – деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауының аудандық кезеңі мәресіне жетті.

2026 жылдың 10 ақпанында Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара нағыз жыр мерекесіне айналды.

Байқаудың мақсаты: Ақын мұрасын оқушылар арасында кеңінен насихаттау;Жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдау; Эстетикалық талғам мен рухани құндылықтарды қалыптастыру.

Сайысқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен 7-11 сынып оқушылары қатысып, 4 номинация бойынша бақ сынады. Әділ қазылар алқасының шешімімен ең үздік деп танылған жеңімпаздарымызбен таныс болыңыздар:

І –ші  ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ:

Марат Айсана (Нұра ЖББМ) – «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы.

Бердешов Ертуар (Нұра ЖББМ) – «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы.

ІІ-ші  ОРЫН  ИЕГЕРЛЕРІ:

Ережепова Назерке  – (А.Асылбеков атындағы ЖББМ)

Ережепова Жанерке  – (А.Асылбеков атындағы ЖББМ)

ІІІ-ші  ОРЫН  ИЕГЕРЛЕРІ:

Бірлік Жансая –  (Р.Асубаев ат. ЖББМ)

Тасқын Ерсін –  (Р.Асубаев ат. ЖББМ)

Жунусбекова Асылжан – (Ы.Алтынсарин ат. тірек мектебі)

Сатыбалды Ақниет – (Ж.Аймауытұлы ат. НОМ)

Тілек Кәусар –  (М.Жұмабаев ат. ЖББМГ)

Дәмеш Ақниет – (А.Асылбеков ат. ЖББМ)

Ахынқызы Айзере – (М.Жұмабаев ат. ЖББМГ)

Барлық жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1158530?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version