АУДАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ: ҚАРАҚЫСТАҚ БАУРАЙЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АУДАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ: ҚАРАҚЫСТАҚ БАУРАЙЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Аудан әкімі Ернар Есіркепов өлкедегі кезекті ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Қарақыстақ тауының етегінде орналасқан «Gakku Qus» ЖШС-нің жобалық құны 4,5 млрд теңгені құрайтын заманауи құс фабрикасы құрылысының бірінші кезеңі іске асырылуда.

Аталған жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда жылына 20 млн дана инкубаторлық жұмыртқа өндіріп қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына да септігін тигізетіндігін атап өту қажет.

Аудан басшысы жобаның сәтті жүзеге асырылуына сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың жалғасын таба беретіндігіне сенім артатындығын жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1157953?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *