
2026 жылғы 6 ақпанда 7–8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты олимпиада онлайн форматта ұйымдастырылып, Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО) базасында өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың пәндік білімін тереңдету, зияткерлік қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтау. Қатысушылар белгіленген ережелерге сәйкес тапсырмаларды орындап, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1158537?lang=kk

Добавить комментарий