2026 жылғы 5 ақпанда Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде Шал ақын ауданы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен, Шал ақын ауданының білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кітапхана және Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, дөңгелек үстел форматында «Жауапты әке – бақытты жанұя» атты кеңейтілген отырыс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – әкелердің отбасындағы жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ашық диалог алаңын құру болды.
Кеңейтілген отырысқа аудан әкімінің орынбасары – Нәбиев Айбек Нұрбекұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Оразалин Тұрар Сейтжанұлы, қоғамдық ұйым өкілдері, ауылдық округтердің Аналар кеңесінің төрайымдары мен білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиынды аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Билялова Н.Ж. ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. Отырыс аясында ұйымдастырылған «Жауапты әке – бақытты жанұя» сайысы әкенің отбасындағы рөлін арттыруға, жауапты әкелік ұстанымды насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды. Сайыс барысында әкелер өздерінің бала тәрбиесіндегі белсенділігін, ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті. Әке мен бала арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақ басты құндылық ретінде айқын көрініс тапты.
Сайыс қорытындысы бойынша алты әке жүлделі орындарға ие болды.
І орын – Повозочное ауылынан Кабиев М.К.
ІІ орын – Кеңес ауылынан Бактубаев А.М.
ІІІ орын – Сергеевка қаласының тұрғыны Жузжасаров Е.К.
Аталған іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, әкенің қоғамдағы және отбасыдағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік алаң болды және қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
#Адалазамат
#копдмонрк
#sko_adistemelik_ortalyq
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#румцдо
#отделобразованиярайонашалакына
#Заң мен тәртіп
#Адал_азамат
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1157414?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ