Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту
2025 жылы Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Бұл бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан «Шығыс – Батыс», «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерін және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту арқылы Еуразия құрлық көпірінің рөлін тұрақты түрде арттыра отырып, Еуропа мен Азия арасындағы негізгі дәнекерге айналып отыр. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жылжымалы құрамды жаңарту, көлікті бақылауда цифрлық шешімдерді енгізу және халықаралық бағыттар желісін кеңейту еліміздің өңірдегі негізгі транзиттік хабтарының бірі ретінде позициясын нығайтуға ықпал етті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 36,9 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 6,6%-ға артық (34,6 млн тонна).
Транзит көлемінің артуы – автомобиль, теміржол, әуе және су көлігін кешенді дамытудың, сондай-ақ логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстың нәтижесі.
Автожолдар мен жол инфрақұрылымын дамыту
2025 жылдың басты жетістіктерінің бірі – автожол желісінің кең ауқымды дамуы. Құрылыс және жөндеу жұмыстары рекордтық 13 мың шақырым автожолды қамтыды.
Нәтижесінде республикалық жолдардың 94%-ы техникалық нормативті жағдайда.
Ішкі шекарадағы өткізу пункттерін модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылдың соңына дейін 37 өткізу пунктін аяқтау жоспарлануда.
Жол саласын цифрландыру ерекше назарда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша e-Joldar шеңберінде жолдардың цифрлық паспорттары қалыптастырылуда, бұл жолдардың техникалық жай-күйін, қозғалыс қарқындылығын және пайдалану параметрлерін орталықтандырылған түрде есепке алуды қамтамасыз етеді.
Жыл сайын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жол диагностикасы жүргізіледі.
Жол төсемін сақтау үшін 220 бірлікке дейін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жалғасуда. Қазіргі таңда оның 71 бірлігі іске қосылған.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1770610653 сайтында.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1157686?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *