Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Н.КӨШЕРОВ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫН ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ МЕГА ЖОБА БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түлкібас ауданында әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағын құруға бағытталған ауқымды жоба бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Маңызды бастама биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болады. Жобаның негізгі тұжырымдамасы – «Орталық Азияның жүрегі, әлемге ашылған терезе». Бұл идея Түлкібасты тек ішкі туризмнің емес, Орталық Азия мен әлемді байланыстыратын халықаралық мәдени-туристік орталыққа айналдыруды көздейді.
▪️Түлкібас ауданы – табиғи келбеті бұзылмаған жазық даласы, көркем шатқалдары мен құнарлы алқаптары бар бірегей өңір. Жылдың төрт мезгілінде де өзіндік сұлулығымен ерекшеленетін аймақтың басты құндылығы – қазақтың көшпелі мәдениетінің табиғи болмысы бүгінгі күнге дейін сақталғаны. Киіз үй мәдениеті, атбегілік дәстүр, ұлттық тағамдар, ат ойындары, халық әні мен күйі – ұлттың баға жетпес рухани мұрасы.
▪️Мега жоба аясында Қазақстандағы алғашқы цифрлық мәдени-туризм платформасы іске қосылады. Экологиялық туризм, мәдени тәжірибе және сауықтыру демалысы үйлескен әлемдік деңгейдегі туристік дестинация қалыптасып, Түлкібас еліміздің жаңа мәдени-туризм брендіне айналмақ. Барлық құрылыс және жоспарлау жұмыстары халықаралық стандарттарға сай, экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қызмет көрсету сапасы мен басқару жүйесі кәсіби деңгейде ұйымдастырылады.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
– Түлкібас – табиғаты көркем, мәдениеті терең, даму әлеуеті жоғары өңір. Бұл жоба арқылы біз табиғатты сақтай отырып, экономиканы дамытуға, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға және қазақтың көшпелі мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы – жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің ұзақ мерзімді дамуына серпін береді, – деді өңір басшысы.
▪️Жобаның негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және сауықтыру салаларын өзара ықпалдастыру, жергілікті тұрғындарды оқыту және жұмыспен қамту, сондай-ақ халық табысын арттыратын көпарналы экономикалық модель қалыптастыру.
▪️Жоспарға сәйкес, жоба аумағында қонақүйлер, гастрономиялық нысандар, сауда-ойын-сауық кластері, гүл аңғары, шаңғы және шөптен сырғанау аймақтары, жұлдызды шатырлар, ипподром мен ұлттық ат ойындары кешендері бой көтереді. Сонымен қатар ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын өндіретін шеберханалар мен шағын өндіріс орындары ашылады.
▪️Жобаның түпкі мақсаты – Түлкібасты экологиясы сақталған, экономикасы тұрақты, мәдениеті бай әрі халқының тұрмысы жоғары өңірге айналдыру. Нәтижесінде өңірде өмір сапасы жақсарып, кәсіпкерлік белсенділік артып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____________
Н. КУШЕРОВ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ ПО МЕГА-ПРОЕКТУ СОЗДАНИЯ ЭКО-ЭТНОГРАФИЧЕСКОЙ ЗОНЫ ОТДЫХА
▪️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров провел переговоры с иностранными инвесторами по масштабному проекту создания в Тюлькубасском районе эко-этнографической зоны отдыха мирового уровня. Реализация этой важной инициативы начнется поэтапно уже в текущем году при всесторонней поддержке государства. Основная концепция проекта – «Сердце Центральной Азии, окно в мир». Данная идея нацелена на превращение Тюлькубаса в международный культурно-туристический центр, связывающий регион со всем миром.
▪️Тюлькубасский район – уникальный край с первозданной природой, живописными ущельями и плодородными долинами. Главная ценность региона, прекрасного во все четыре времени года, – сохранение естественной самобытности казахской кочевой культуры. Культура юрт, традиции коневодства, национальная кухня, конноспортивные игры, народные песни и кюи составляют бесценное духовное наследие нации.
▪️В рамках мега-проекта будет запущена первая в Казахстане цифровая платформа культурного туризма. Тюлькубас должен стать новым культурно-туристическим брендом страны, сочетающим в себе экотуризм, культурный опыт и оздоровительный отдых. Все строительные и планировочные работы будут проведены в соответствии с международными стандартами и при строгом соблюдении экологических требований. Система управления и качество сервиса будут организованы на профессиональном уровне.
📌– Тюлькубас – это край с великолепной природой, глубокой культурой и высоким потенциалом развития. Благодаря этому проекту мы получаем возможность развивать экономику, сохраняя природу, повышать благосостояние местных жителей и популяризировать казахскую кочевую культуру на международном уровне. Самое главное – проект создаст новые рабочие места и даст импульс долгосрочному развитию региона, – отметил глава области.
▪️Основные направления проекта – интеграция сельского хозяйства, культуры, туризма и здравоохранения, обучение и трудоустройство местных жителей, формирование многоканальной экономической модели для повышения доходов населения.
▪️Согласно плану, на территории проекта будут возведены отели и гастрономические объекты, торгово-развлекательный кластер, долина цветов, зоны для катания на лыжах и траве, «звездные шатры» (глэмпинг), ипподром и комплексы для национальных конных игр, ремесленные мастерские по производству национальных блюд и изделий ручной работы.
▪️Конечная цель проекта – превратить Тюлькубас в процветающий регион с устойчивой экономикой и богатой культурой при полном сохранении экологии. В результате ожидается повышение качества жизни населения и рост предпринимательской активности.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1157251?lang=kk