Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САРЫАҒАШТА 300 ТӨСЕК-ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
▪️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.
▪️Бұл – Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Аталған аудандарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Құрылыстың басталуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, білікті медициналық кадрларды тартуға жағдай жасайды.
📌– Бүгін біз Сарыағаш қаласында аса маңызды әлеуметтік нысан – көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Бұл — өңіріміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа белесі, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Аталған жоба Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Сарыағаш ауданында көпбейінді аурухана салу жөнінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Президентіміздің халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастамалары аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл аурухана мыңдаған тұрғынға үміт сыйлайды, жүздеген отбасының амандығын сақтауға үлес қосады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтереді. Дені сау ұрпақ – елдің ең басты байлығы. Сондықтан бұл аурухана тек ғимарат емес, бұл – мыңдаған адамның үміті, жүздеген отбасының амандығы. Жаңа аурухана уақтылы әрі сапалы салынып, ел игілігіне жоғары деңгейде қызмет ететін, шипа мен сенім ордасына айналады. Баршаңызға зор денсаулық, табысты еңбек, әр отбасыға жақсылық тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Аурухана 300 төсек-орынға есептелген және құрамында үш негізгі блок бар: хирургиялық блок – 50 төсек-орын (нейрохирургия, офтальмология, ЛОР және травматология бөлімшелері), терапиялық блок – 100 төсек-орын (неврология, инсульт орталығы, кардиология және интервенциялық кардиология бөлімшелері), перинаталдық блок – 150 төсек-орын (ана мен балаға арналған заманауи күтім, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі). Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.
▪️Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың м² асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанында жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін Сарыағаш қаласынан 10,4 гектар жер телімі бөлінді. Жобаны мердігерлік атқаратын ұйым – «ASPAN HOLDINGS» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Строй-Проф» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Engineering center ltd» ЖШС.
▪️Түркістан облысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Түркістан қаласында демеушілер есебінен салынып жатқан «Ана мен бала» орталығы келесі жылы іске қосылады.
Өткен жылы облыста 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілген, оның ішінде Сарыағаш ауданында 6 нысан іске қосылған. Сонымен қатар шалғай ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі артты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————
В РАМКАХ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА В САРЫАГАШЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СОВРЕМЕННОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЫ НА 300 КОЕК
▪️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров принял участие в церемонии закладки фундамента современной многопрофильной больницы на 300 коек в городе Сарыагаше. Этот стратегически важный социальный объект возводится в рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данного в ходе его рабочего визита в регион. Новый медицинский комплекс призван поднять систему здравоохранения области на качественно новый уровень, обеспечив население доступными и высокотехнологичными услугами.
▪️Строительство данной больницы станет ключевым шагом в развитии социальной инфраструктуры южных районов. Учреждение будет обслуживать не только жителей Сарыагаша, но и соседних районов – Келесского, Мактааральского, Жетысайского, Казыгуртского и Шардаринского, где в общей сложности проживает более 1 млн человек. Проект также позволит создать новые рабочие места и привлечь в регион квалифицированные медицинские кадры.
📌– Сегодня мы закладываем фундамент объекта, который станет новой вехой в здравоохранении региона. Этот проект реализуется по прямому поручению Президента страны. Здоровое поколение – главное богатство государства, поэтому данная больница – это не просто здание, а надежда тысяч людей на качественную помощь и благополучие сотен семей. Мы приложим все усилия, чтобы строительство было завершено качественно и в срок, – отметил Н. Кушеров.
▪️Больница рассчитана на 300 койко-мест и будет включать в себя три основных блока: хирургический блок (50 коек) – отделения нейрохирургии, офтальмологии, ЛОР и травматологии; терапевтический блок (100 коек) – отделения неврологии, инсультный центр, кардиология и интервенционная кардиология; перинатальный блок (150 коек) – современный уход за матерью и ребенком, отделение патологии беременных.
▪️Территория новой больницы займет 10,4 га. Общая площадь трехэтажного здания – более 70 000 квадратных метров. Стоимость проекта – 74,5 млрд тенге. Завершить строительство планируется в декабре 2027 года. Подрядчик – ТОО «ASPAN HOLDINGS», технический надзор – ТОО «Строй-Проф», авторский надзор – ТОО «Engineering center ltd».
▪️В Туркестанской области продолжается масштабная работа по улучшению здоровья населения. В частности, начато строительство перинатального центра на 200 мест в селе Темирлан Ордабасинского района. Центр «Ана мен бала», строящийся в городе Туркестан за счет спонсоров, будет запущен в следующем году.
▪️В прошлом году в регионе было введено в эксплуатацию около 40 медицинских объектов, шесть из которых открылись в Сарыагашском районе. Особое внимание уделяется сельским территориям, где строятся фельдшерско-акушерские пункты для повышения доступности первичной медико-санитарной помощи.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1157174?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *