Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңға енгізілетін негізгі ұсыныстарды талқылады
Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы, Комиссия төрағасы Эльвира Азимованың айтуынша, Комиссияға 4 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Қоғам тарапынан көптеген оң пікірлер, сонымен қатар, Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар келіп түсуде.
«Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау азаматтардың конституциялық процеске белсенді әрі саналы түрде қатысып жатқанын айқын көрсетеді. Қоғаммен жүргізіліп отырған бұл ашық диалог жалғасады. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының ережелерін алдағы уақытта да кәсіби деңгейде түсіндіреді», – деді Эльвира Азимова.
Отырыс барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституцияның 18-бабын нақтылауды ұсынды. Осы баптың 2-тармағында сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды деп көрсетілген. Бұл дұрыс жазылған мәтін. Дегенмен, орыс тіліндегі аудармасында, онда «мерзімнен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сол себепті кейбір мамандар сот шешімінсіз күдіктіні ұстау мүлдем болмайды деп түсіну қаупі бар екенін айтуда.
Толығырақ https://ortcom.kz/kk/novosti/1770307031 сайтында.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1157181?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version