КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІНЕ ҚАРСЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бәйтерек ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясындағы зерделеу жұмыстары жалғасуда. Алдын алу шаралары ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кезекті зерделеу барысында Дариян, Достық, Байқоныс, Макаров, Мичурин және Белес ауылдық округтеріндегі су тасқынына қарсы күштер мен құралдардың дайындық деңгейі тексерілді. Техникалардың жарамдылығы, жеке құрамның әзірлігі және жедел әрекет ету мүмкіндіктері бағаланды.
Аталған рейд жұмыстары барысына аудан әкімінің орынбасары Е.Туксамбаев қатысып, зерделеу нәтижелері бойынша жауапты мекемелерге дайындық жұмыстарын күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Су тасқыны кезеңіне қатысты жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1157212?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *