200 ТӨСЕК-ОРЫНДЫ ЖАҢА ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

 Шымкент қаласында 200 төсек-орынға арналған жаңа қалалық №2 перинаталдық орталықтың құрылысы ресми түрде басталды. Ақжайық шағынауданындағы болашақ нысанның құрылыс алаңында капсула салу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Салтанатты рәсім барысында мегаполис басшысы жобаның әлеуметтік маңыздылығын және қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы рөлін атап өтті.

 «Заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы – болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция. Біздің басты міндетіміз – аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету», – деді Ғабит Сыздықбеков.

 Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, ана мен баланы қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған. Жаңа медициналық нысан салу қажеттілігі қала халқы санының тұрақты өсуімен байланысты.

 Шымкент қаласы елімізде туу көрсеткіші жоғары өңірлердің қатарында тұрақты көш бастап келеді. Қазіргі таңда қала халқының саны 1,29 млн адамнан асады. Соңғы үш жылда балалар саны шамамен 10%-ға артып, 500 мың адамға жетті. Болжамдарға сәйкес, 2035 жылға қарай мегаполис халқының саны 1,85 млн адамнан асуы мүмкін.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/1157779?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *