Франция астанасы Парижде басталған Үлкен дулыға санатындағы жарыста Ұлттық құрама спортшысы Аман Бақытжан үздік үштікті түйіндеді.
Ол -60 кг салмақта жүлде жолында кубалық Джонатан Чароннан басым түсті. Отандасымыздың жеңісі үшін юко ұпайы жеткілікті болды.
Аман күндіз іріктеу кезеңінде Закари Дижолді (Франция), Мишель Аугустоны (Бразилия), Дэвид Старкелді (Словения) ұтты. Алайда жартылай финалда Дильшот Халматовқа (Украина) жол берді.
Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан 2026 жылғы маусымның алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы қатысып жатыр.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1157052?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ