
Бүгін Тайпақ ауылындағы мәдениет үйінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жас сайлаушылар клубының ұйымдастыруымен «Сайлау – болашақты таңдау» атты интеллектуалдық QUIZ ойыны өтті. Шараға ауыл жастары, сондай-ақ №30, №31, №32, №33 учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері қатысып, өздерінің білімдері мен зияткерлік деңгейлерін сынады.
Интеллектуалдық сайысқа Тайпақ ауылынан «Тұлпар» және «Сұңқар», Алмалы мен Атамекен ауылдарынан «Шабыт» және «Қыран» командалары қатысып, алты кезең бойынша бақ сынасты. Ойын барысында қатысушылар сайлау негіздері, заңнама, тарихи кезеңдер, құқықтық сауаттылық, командалық логика және жастардың азаматтық белсенділігі бағыттарында білімдерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде І орынды «Тұлпар» командасы, ІІ орынды «Шабыт» командасы, ІІІ орынды «Сұңқар» командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Светлана Стармаусова құттықтап, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Аталған шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сайлау үдерісіне деген қызығушылығын оятуға және азаматтық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған.
Осылайша, Дүниежүзілік сайлау күніне орай аудан бойынша танымдық әрі мазмұнды іс-шаралар бастау алды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-akzhaik/press/news/details/1156682?lang=kk

Добавить комментарий