Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жас сайлаушылар клубының бірлескен іс-шарасы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жас сайлаушылар клубының бірлескен іс-шарасы өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жас сайлаушылар клубының бірлескен іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, азаматтық белсенділіктің маңызы, сайлау мәдениеті мен құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Сонымен қатар, жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында сайлау жүйесіне қатысты сұрақтар бойынша Kahoot платформасында интерактивті дидактикалық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.

Аталған іс-шара мазмұнды әрі пайдалы өтіп, берілген ақпараттар қатысушылардың сайлау және сайлау құқығы туралы білімдерін кеңейтуге, олардың белсенді әрі саналы азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1156426?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *