Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАНДА СТАЛКИНГТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Түркістанда «Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік — әр адамның құқығы!» тақырыбында профилактикалық форум өтті. Қала әкімдігі, қалалық прокуратура және қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Қуаныш Нұржанұлы, қала прокуроры Кәукен Бахытбайұлы, қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы, сондай-ақ есептегі тұлғалар мен қала тұрғындары қатысты. Форумның негізгі мақсаты — қоғамда көп жағдайда назардан тыс қалып жүрген, алайда азаматтардың жеке қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін сталкинг мәселесіне қоғам назарын аудару, оның алдын алу жолдарын талқылау және заңнама аясындағы жауапкершілікті түсіндіру.
Шара барысында Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың» Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Сұңғатқызы, сондай-ақ психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Мөлдір Зайнуллақызы баяндама жасап, сталкингтің әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдары туралы кеңінен ақпарат берді. Форум қорытындысында спикерлер сталкингтің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЙ ФОРУМ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ СТАЛКИНГА
В Туркестане прошел профилактический форум “Прекрати сталкинг, безопасность – это право каждого человека!”. В мероприятии, организованном акиматом города, городской прокуратурой и городским управлением полиции, приняли участие руководитель аппарата акимата города Туркестан Куаныш Нуржанулы, прокурор города Каукен Бахытбайулы, начальник городского управления полиции Жасулан Каржаубайулы, а также подотчетные лица и жители города. Основная цель форума – привлечение внимание общественности к проблеме сталкинга, которая в большинстве случаев остается незамеченной в обществе, но представляет прямую угрозу личной безопасности граждан, обсудить пути ее предотвращения и разъяснить ответственность в рамках законодательства.
В ходе мероприятия с докладом выступили главный имам Туркестанской области Сман Сматулы, представитель “Национального центра по правам человека” по Туркестанской области Наталья Сунгатовна, а также заместитель директора Центра психологической поддержки Молдир Зайнуллакызы, которые предоставили широкую информацию о социальных, правовых и психологических последствиях сталкинга. По итогам форума спикеры отметили важность усиления работы по профилактике сталкинга, повышения правовой грамотности граждан и формирования культуры личной безопасности в обществе.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1156047?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *